QARAKESEK х Ravil
УАҚЫТ БАҒАСЫ.
Исполнитель: QARAKESEK х Ravil
Длительность: 03:25
Размер: 7.85 МБ
Качество: 320 kbit/sec
Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "QARAKESEK х Ravil — УАҚЫТ БАҒАСЫ."
Уақыт бағасы
Отырмын жалғыз терезеге қарап,
Маған жасаған істерің жүрегімді өртеп барады.
Күнімді өткіземін сағат пен секунд санап,
Сенсіз өткен күндерден миым менің алжып барады.
Саған не ұнайды, айтшы, жауабын таба алмадым,
Қаламның сиясындай таусылып мен барамын.
Достарыңның қасында танысың боп қаламын,
Сонда да үндемедім, түсіністікпен қарадым.
Ия, білемін, бейшарамын, астымда көлігім жоқ,
Күнде сені қыдыртатын қалтамда тиыным жоқ.
Ренжіме, ойнай алмадым, қалаған ханзадаң боп,
Басқасын тауып алшы, ойнар екен қаншасы.
Жүрегім өртенгенмен, болғанға өкінбеймін,
Аллахым қолдап мені, жарымды тапсам деймін.
Қанша сынақ берсе де, сабырлықпен өтеймін,
Жылағым кеп тұрса да, әрдайым күлімдеймін.
Қ-сы:
Барасың уақытпен таласып,
Уақыт құстай ұшуда, қарашы.
Жалған ай, күн, жылдары бар,
Қанша бұл жалғанның бағасы?
Көңіліңде бармын ба,
Көңіліңде қалдым ба?
Ей, айтшы,
Ей, айтшы, ей!
Ойға батып ұйықтамадың бүгін тағы да,
Емдемеді уақыт та ем беретін жаныңа.
Салқындады ауа-райы, салқындады мінезің,
Әлі күнге жүрегімде сол баяғы бір есім.
Мәңгілік қалам есіңде, естен айрылма,
Кім екен бізді бақытты кештерден айырған?
Көз жасыңа себепкер, бәлкім, осы мен шығармын, а,
Сен жылама, мен шыдармын.
Жолды екіге бөліп, жауратқан – сары күз,
Көңіл-күйің құбылды ма, а, жаураған сары қыз?
Жұбатуға әлім келмей, халім құрып бара жатыр,
Барлығы өте шығар, қара да тұр.
Тоқтамайтын уақытты тоқтатып тастағым келеді,
Өткенді ойласаң, бірден көзіңе жастарың келеді.
Дәметпе бақытты алдап кететін уақыттан,
Ұмытпа алдағанын бақытты уақыттардың.
Қ-сы:
Барасың уақытпен таласып,
Уақыт құстай ұшуда, қарашы.
Жалған ай, күн, жылдары бар,
Қанша бұл жалғанның бағасы?
Көңіліңде бармын ба,
Көңіліңде қалдым ба?
Ей, айтшы,
Ей, айтшы, ей!