Қайрат Байбосынов Тау ішінде

Исполнитель: Қайрат Байбосынов Длительность: 03:34 Размер: 3.27 МБ Качество: 128 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Қайрат Байбосынов — Тау ішінде"

Мен келем тау ішінде түнделетіп
Аймақты күңіретіп өлеңдетіп
Астымда ақ боз атым сылаң қағып
Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп

Ақ боз атым тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-хоу, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің

Ән салдым есіп майда, жаяулатып
Ырғалтып шырқап, толғап, баяулатып
Толқындай мың құбылған әнімді естіп
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып

Ақ боз атым - қояндай
Еркелеп басар аяндай
Тербеді даусым ауаны
Даңылдап қалқып баяулай
А-хоу, сүмбіл шаш
Қара көзің, тәтті сөзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің

Похожие песни

Еще песни Қайрат Байбосынов

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)