Жакау
Япыр-ай
Исполнитель: Жакау
Длительность: 03:28
Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "Жакау — Япыр-ай"
Жақау:
Япыр-ай, таңғаламын жаратқанға
Оның ұлықтығы сезіледі әрбір таңда
Түн өтіп, таң атқанда ауысады періштелер
Тек қана иманды жан бұл сөзіме ғана сенер
Қарашы... қарашы көк аспанды
Жаратқан төбе етіп, япыр-ай, көрінбейді шеті
Қарашы тауларға қазылған қазық сынды
Жарқыратқан төбесінде ай, жұлдыз бен күнді
Қарашы қара жерге төселген төсеніштей
Өмір сүру мүмкін бе, япыр-ай суын ішпей
Көлі мен өзенінен, жер ананың өзегінен
Раббым ризық берген сан ұрпаққа кезегімен
Япыр-ай, қарашы ну ормандарға,
Жасыл кілем төселген сияқты сол маңдарға
Ұласатын қиялдарға өмір неткен шолақ едің
Мәңгі сенде қалалмайтын өткінші бір қонақ едім, япыр-ай!
Данияр
Алла құдіретті жаратушы, бейнелеген көк аспанды
Жасыл түспен жапырақ, ну орманды
Төртке бөліп күз, көктем, жаз бен қысты
Япыр-ай ұшырған қанатымен құсты
Таңғаламын Алланың құдіретіне
Себелеткен аспаннан жаңбыр, қарды жер бетіне
Зерттеген ғалымдардың айтуынша
Әрбір қардың түйіршігі ұқсамайды бір-біріне, япыр—ай
Бір теңіз бар ащы, тұщы Ортасынан қақ бөлінген
Ғалымдар сенбеді «қалайша, бұл мүмкін бе?»
Жак Кустоның өзі мойындады хақ исламды
Жаңалығын япыр-ай құраннан көргенінде
Бір тас бар тіреуі жоқ, тіремейді ағаш тас та
Күмәндансаң сөзіме өтірік пе әлде рас па
Жердің өзі тас сияқты ауадағы шар емес пе
Тәңір жоқ құдіретті, япыр-ай, Алладан басқа!