SMITTY/МИГЕЛЬ Шабыт (JanaRap)

Исполнитель: SMITTY/МИГЕЛЬ Длительность: 03:04 Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "SMITTY/МИГЕЛЬ — Шабыт (JanaRap)"

МИГЕЛЬ, pt. 1:
Жүзіңде күлкі жоқ, бақытты ұмыттың,
Жоғалтып кілтін өзің ілген құлыптың.
Жетеді жылама, көзжасыңды тоқтат,
Өткенді өзгертпейсің сезіміңді жоқтап.
Кісенделген жүрек сезім қамалынан,
Босамайды сен шығармасаң оны ойыңнан.
Бас тарт бұл ойыннан, бас кейіпкері сен емес,
Ол сені бәрі-бір өз музасына теңемес.
Жүректі қысады қанжылатып сезім,
Өзекті күйдіреді көкіректі тесіп.
Шығатын жоқ есік құтылып азаптан,
Сондықтан жазамын мен өз мұңымды парақта.
Сенің бейнең ойымда, сенің бейнең суретте,
Айналаның бәрі түнек жаралы жүрекке.
Қараңғы түнектегі жалғыз сәуле сен едің,
Тіпті сонда да бара алмадым, қолым жетпеді.
Күнде уақыт санап сені көруге асығам,
Бірақ батылым жетпейді баруға қасыңа.
Қолыңнан алып айтуға, сезімімді бір өзіңе,
Жүрекке басып, құшақтап қарауға көзіңе.
Өртеніп барады әлемім сені сүйетін,
Неліктен, айтшы мен әлі де сені сүйемін?
Бәлкім шынында да соңғы өледі үмітім,
Қосыламыз деген арманға әлі сенемін.
Қанша тырыссам да өзімді байқамайсың сен,
Білемін, өмірің қиылыспайды менімен.
Сонда да сенемін сол күннің келетініне,
Саған сыйлыққа өз тегімді беретініме.
Сенің күлімдеген сүйкімді бейнең есімде,
Сол күн себепші болды оянған сезімге.
Білемін арадағы қамалды бұзасың,
Сен менің бақытымсың – мәңгілік музасың.

Қ/СЫ, SMITTY:
Қара бұлтқа оранған аспан,
Жаудырады жауынды жастан.
Мен сені әлі де сағынам,
Барасың сен менен алыстап.

Еще песни SMITTY/МИГЕЛЬ

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)