Айқын Төлепберген 7777Отыздан асып барамын (30 асып барамын)

Исполнитель: Айқын Төлепберген Длительность: 04:06 Размер: 2.82 МБ Качество: 96 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Айқын Төлепберген — 7777Отыздан асып барамын (30 асып барамын)"

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-анамың
Артынан еріп барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытын тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.
Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:

Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.
Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:

Еще песни Айқын Төлепберген

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)