Таңат Мамырханұлы Қаңтарда жауған жаңбыр

Исполнитель: Таңат Мамырханұлы Длительность: 04:38 Размер: 8.49 МБ Качество: 256 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Таңат Мамырханұлы — Қаңтарда жауған жаңбыр"

Қай жылы еді есімде жоқ дала әппақ,
Біздің жақта жауып жатты қар әппақ.
Алжасты ма жаңбыр жауды бір күні
Ауыл жұрты қалған еді алақтап…

Сормаңдаймын, жанымды ұқсын енді кім,
Сол жауынға ұқсап тұрмын мен бүгін.
Қарғам, мені ғашық еттің өзіңе
Не болады, не болады ендігім?..

Бесігінде тербетілген бар ұлым,
Бесік тербер бір бейбақтың жарымын.
Саған менің махаббатым не керек,
Жаздан ғана жауын күткен жарығым…

Бәрін білем, білем бәрін сөз бар ма?
Сенің арнаң менікінен өзге арна.
Сені сүймеу мүмкін емес алайда
Шыққыр мынау маңдайымда көз барда…

Не істе дейсің, көзімді ойым тасташы,
Кетейін мен қара түнмен астасып.
Содан кейін жүрегімді ал суырып
Екеумізге мәлім сосын басқасы.

Сормаңдаймын, жанымды ұқсын енді кім,
Сол жауынға ұқсап тұрмын мен бүгін.
Мен қаңтарда жауған жаңбыр болдым-ау
Не болады, не болады ендігім?..

Еще песни Таңат Мамырханұлы

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)