Мадина Садвакасова Каракат Абильдина
Құрбыма
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "Мадина Садвакасова Каракат Абильдина — Құрбыма"
Биік таудың басында бал қарағай-ай,
Аулым көшіп барады көл жағалай
Ау,құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Көшіп аулың кеткенде таудан асып-ай,
Болар екен тағдырың әлдеқалай?..
Ау,құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?
Ахау,қимасыңды,қимасыңды-ай ау,құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?
Көшкен бұлттай ауылың бел асқанда-ай,
Жарқырасын жұлдызың көк аспанда
Ау,құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Биік таудың тұманы қалың келер-ай,
Тап болғайсың сен іздеп адасқанда-ай
Ау,құрбым, қимасыңды қайда қалдырдың?
Ахау,қимасыңды,қимасыңды-ай ау,құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?
Ахау,жолы қиын,жолы қиын,ау,құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Жанымда бол,жанымда бол,бол жанымда,
Ау,құрбым,
Тар жолында жұмбақ тағдырдың,
Қанатында қалқып ән- жырдың.