Дархан Санияр
Уақыттың іші тар
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "Дархан Санияр — Уақыттың іші тар"
Бүгінгі салқын таң айрықша келді,
Көңілге өткеннен естеліктерді əкелді.
Сəл ғана жаурадым, кидім жейдемді,
Дəмдеген шəйімді алып, ыстық кесемді.
Бақылап терезеден шық басқан жерге,
Азанда əуремен аттанған елге.
Олардың барлығының армандары бар болар,
Жанталасып бір тозар, бір күні үміт солар.
Жыл мезгілі жылы, көңілім суық,
Салқын болып қала берді жаңа күн жатса туып.
Көңіл құлатар себеп миллионға жуық,
Сəл шыдау керек қиынға қырсығып тұрып.
Құжынаған көліктер, шулы дыбыстар,
Қаладағы тіршілік шектен шығар белсенді.
Жаным тулап асықтырар бір тыныс бар,
Сағынамын ауылдағы əке-шешемді.
***
Өмір бізге қатал, аямайды тегі,
Пенделердің өзі бір тажал, қолдан шыққан шері.
Талпынамыз тағы, талпынамыз тағы,
Тек таусылмас шалып кетер сұм немегің шағы.
Адалдың қирады сағы, күрсініп сөнілді шамы,
Қаскүнемдер жүйрік, көтерілді шаңы.
Жақсыдан гөрі жаманның жөні сүргін,
Бұл орманның хайуаны "адамдар" бүгін.
Қарбалас өмір, жылдам минуттар,
Күтпейді біздерді уақыттың іші тар.
Арпалысқан дүбірлі тіршілік,
Өздігіп құр қалмас сілкініп.
Қайырмасы:
Жылдар қайда бастың?
Үңілші бері.
Тонап тілегімді, үнсіз кетесің бе?
Сырлар қайда қаштың?
Оралшы кері.
Нұрлы мекенге менсіз жетесің бе?
***
Тербеліп бір мұңға саламын кейде,
(Саламын кейде, саламын кейде)
Өткенімен таңып қаламын неге?
(қаламын неге, неге?)
Қайырмасы:
Жылдар қайда бастың?
Үңілші бері.
Тонап тілегімді, үнсіз кетесің бе?
Сырлар қайда қаштың?
Оралшы кері.
Нұрлы мекенге менсіз кетесің бе?