Әсемхан Ғибадатқызы
Біреулер (Біреу жүр)
Исполнитель: Әсемхан Ғибадатқызы
Длительность: 03:33
Размер: 3.25 МБ
Качество: 128 kbit/sec
Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "Әсемхан Ғибадатқызы — Біреулер (Біреу жүр)"
Біреу жүр
Уәлиолла Нүсіпұлының термесі
Біреу жүр жүз жасқа мен келмедім деп,
Жүзге кеп боз тарландай жүрмедім деп
Біреу жүр жиырма бесте жыламсырап,
«Мен неге ажал жетіп өлмедім?» деп .
Біреу жүр асылымды көрмедім деп,
Біреу жүр масылымды көмбедім деп.
Біреу жүр талаптанып табыс тапса
Біреу жүр алдыма әкеп бермедің деп.
Біреу жүр түсе алмай сабасына,
Біреу жүр өзгелердің табасында.
Біреу жүр бұл жалғаннан ем таба алмай
Қайғылы жүрегінің жарасына.
Біреу жүр ата-анасын таудай көріп,
Біреу жүр өз ағасын жаудай көріп.
Біреу жүр көрінгенмен араздасып,
Аш көзбен кең дүниені тарыдай көріп.
Біреу жүр асқар биік шыңдай болып,
Біреу жүр жорғалаған құрдай болып.
Біреудің атақ-даңқы арта түссе,
Біреу жүр ар-ұяттан жұрдай болып.
Біреу жүр еңбегімен ер атанып,
Біреу жүр жағымсумен төре атанып.
Біреулер халық қамынқарастырса,
Біреу жүр сылбыр етек сері атанып.
Қыран жүр тіпті биік ұшпадым деп,
Жылан жүр қазған інін ұшпағым деп.
Шын жүйрік шаршы топта шығандаса,
Мәстек жүр мен де кімнен қысқамын деп.
Біреу жүр жылпостықпен буы балқып,
Біреу жүр кесапаты елді шарпып.
Барады нағыз нарлар маң-маң баып,
Ертеңгі адамзаттың жүгін артып.
Көрсек те көрінгеннен көрелікті,
Ешкімге айта алмаймыз өрелікті.
Әркімнің өз басында біп тал қамы
Көпшілік өзің айтшы төрелікті.