Мұқағали Мақатаев
Соқыр ана
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "Мұқағали Мақатаев — Соқыр ана"
Жібісін деп жүректерің жыр төгем,
Перзент білсін анаға қол сілтеген.
Жетім жайын, жесір жайын толғаған
Бүгінде жоқ күнде жиын Күлтөбең.
Адамды Алла нар мақсатпен жіберген,
Мақсатыңды танып, сезіп білер ме ең.
Ата-анадан биік қойған бар малын,
Қуыс кеуде, топан бас көп, білем мен.
Сеніп еді табылар деп қасынан,
Сенген қойы тентек болды жасынан.
Ғибрат алып, ойға қалып байқап көр,
Оқиғаны баяндайын басынан:
Бала еді терең ойлап көрмеген,
Ойын ойнап, қызық қуып терлеген.
Мектептегі сабақ, тәртіп тым жақсы,
Сондықтан да жоқ кедергі көлденең.
Бірақ оның ойн бір бөгеді
Дейді өзі сол ой жолды бөгеді
Өз пайымы солайғой бұл баланың
Анасының бір көзі жоқ себебі.
Сол мектепте аспазшы еді анасы,
Ұлына еді дәмді, тәтті бар асы.
Ақша тауып асты-үстіне түсетін,
Қарны ашпасын, киінсін деп баласы.
Ал баласы асханаға кірмейтін,
Анасымен көшеде бір жүрмейтін.
Ас беретін соқыр әйел анасы
екендігін достары да білмейтін...
Әрбір тәулік ашып жаңа парағын,
Бұл да басты сақтықпен әр қадамын.
Кім біледі ғұмырын бұл жұмбақтың
Қанша уақыт жұмбақ болып қаларын...
Құпяны ашпаса кім біледі,
Байғұс ана мейірімді еді жүрегі.
Баласының талабы мен талантын
Білейін деп сабағына кіреді.
Жаутаңдатып жалғыз ғана жанарын:
– Рұқсат па, амансың ба қарағым?!
Білейін деп келіп едім сабағын,
Анасы едім мына отырған баланың.
деген кезде...балалар ғой ешкімді
ренжітпеген, елемеген еш мұңды,
– Анасының бір көзі жоқ, сұмдық-ай,
- деген сұмдық, суық мысқыл естілді.
Баласының кетті түсіп қабағы,
Анасына айуан көзбен қарады.
Ыза буып сал есікті сарт ұрып,
Шығып кетті бетке ұстап даланы.
Келді үйіне, уақыт асқан ақшамнан,
Назын айтты назалы үнмен басталған.
Анасы жүр бәйек болып ас әкеп,
Баласының қамын ойлап аш қалған.
Деді ұлы: – «Ана неге келесің?
Іздеп келсең бар ойымды бөлесің.
Мені іздеп келмеші енді мына жұрт
«Анасының көзі соқыр демесін».
Мен ұялам, сыртта маған жолама,
Сөздеріме көңілің рас тола ма?
Неге соқыр, қайда сенің бір көзің,
Айтшы анашым сырын білсем бола ма?»
Жылады ана, еңіреді, егілді,
Үйренген ғой келген мұңға көнуді.
Шын жылады соқыр көзден жас шықы.
Көкіркегінде бар құпия көмулі.
– «Кешір қалқам не десең сол болады,
Айтқан сөзің ақылыма қонады.
Сені ұялтқан, саған еткен қатемнің
Бүгін мынау ең соңғысы болады»...
Иә, дәл солай,
Болды сол жер соңғысы,
Екінші рет бармады онда ол кісі.
«Сыртынан-ақ тілеуімді тілейін,
Осы болар істердің ең оңдысы»...
Баласының тілегі осы қалаған,
Жеке жүрсе бақытты өзін санаған.
Деп ой түйді: – «Құтылар ем шешемнен
Оқу бітсем, келмей қойсам қаладан»
Солай жүріп бітірді оқу бала да,
Бұрынғыдан бетер суық анаға.
Білім алып қайтамын деп жиналып,
Тартып кетті шет ел асып қалаға.
Айтқандай-ақ ол анасын ұмытты,
Жұмыс тапты, маман болды білікті.
Әйел алды, бала сүйді, анасын
Есіне алмай ойсыз-қамсыз жүріпті...
Күз. Сезімдерді сілкіп жауын жауып тұр,
Жігіт үйі. Сән-салтанат тамып тұр.
Құлақ салды әйелі де, өзі де
Есіктерін біреу келіп қағып тұр.
Кім болды деп есік қаққан жаңағы,
Бәрі бірге есікті ашып қарады.
Әйелі де, баласы да қорықты,
Іздеп кепті соқыр ана баяғы.
Жігіт жеке шықты дағы далаға,
Жақындады жалғыз көзді анаға:
–«Әйелім мен баламды сен қорқыттың,
Неге келдің, не бар мынау қалада?»
– «Саған келдім, демейм оған өкінем,
Хабарласпай тым алысқа кетіп ең.
Үйленіпсің, балаң бар деп есіттім,
Сүйейінші немеремнің бетінен...»
Сескенді ана жабысар деп сор тағы,
Қатуланып, қабақ шытып ол тағы:
– «Жоқ, болмайды. Рұқсат жоқ, себебі,
Бір көзің жоқ, бала сенен қорқады».
Бітті әңгіме, болмас қайта бастауға,
Қайтты ана демеу болар дос бар ма?
Күңіреніп ақ жауынын төгіп тұр,
Анаменен бірге жылап аспан да...
Уақыт сырғып айлар өтті, жыл өтті,
Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті.
«Ауылға кел, сағындық»- деп достары,
Хат жіберіп шақыртыпты жігітті.
«Жол ұзақ» деп жігіт аздап қиналды,
Дегенменен «барамын» деп ұйғарды.
Әйелді алып, баланы алып сол күні,
Жол жүрмекке отбасымен жиналды.
Келді ауылға, мауқын басты, тарады,
Жігіт ойы басқа арнаға ауады.
«Балалықты еске