Коран
Зумәр сүресі - сура №39 – Аз-Зумар (Толпы)
Исполнитель: Коран
Длительность: 27:09
Размер: 18.67 МБ
Качество: 96 kbit/sec
Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "Коран — Зумәр сүресі - сура №39 – Аз-Зумар (Толпы)"
Бұл Кітаптың түсірілуі, тым үстем, аса дана Алла (Т.) дан. (1)
(Мұхаммед Ғ.С.) Расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыз арнап, құлшылық қыл. (2)
Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: “Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз” (дейді). Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды. (3)
Егер Алла бала иемденуді қаласа еді, жаратқанынан тілегенін таңдар еді. Ол одан пәк. Ол Алла жалғыз, өте үстем. (4)
Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп түрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы. (5)
Алла (Т.) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне осы Раббыларың Алла (Т.), Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар? (6)
Егер қарсы келсеңдер, сонда Алла сендерден мұңсыз. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады. Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. Сосын қайтар жерлері Раббылары жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді. Өйткені, Алла көкіректегілерді толық біледі. (7)
Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да, жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Қарсылығыңмен біраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың” де. (8)
(Ал осылар,) бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақыреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты ма? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Білгендер мен білмегендер тең бола ма?”,- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады. (9)
(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй иман келтірген құлдарым! Раббыларыңнан қорқыңдар! Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Алланың жері кең. Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады” деп айт. (10)
(Мұхаммед Ғ.С.): “Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйырылдым.” де. (11)
“Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйырылдым”. (12)
“Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын” де. (13)
“Дінімді нағыз Аллаға арнап құлшылық қыламын” де. (14)
“Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандық” де.