MusLim Сағындым ғой[Sinima beats][ML Production]

Исполнитель: MusLim Длительность: 03:24 Размер: 7.81 МБ Качество: 320 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "MusLim — Сағындым ғой[Sinima beats][ML Production]"

САҒЫНДЫМ ҒОЙ...
[1-куплет]
Сағындым ғой дедің-ау, жаным, маған...
Бұлт көрдің бе зәулім сарайларда мамырлаған?
Сол менің ақ жанымның ақ жалыны,
Отыра алмай, тағат таппай өзді-өзімен дамылмаған.
Естисің бе аспанның күрсінгенін?
Сол менің саған деген тылсым демім.
Ұйықтап жатса, оянсын, ояу болса,
Күңіренген жанымды бір өзі білсін дедім.
Мен деп ойла самал боп есіп өткен,
Мен деп ойла нөсерді есі кеткен,
Мен деп ойлап өзіңді әр күн сайын,
Төсегін сағынышқа бесік еткен.
Жүрегімнің соққаны, тәтті дауыс – әнмен тең.
Шыққан лебі көкіректен – мөлдір тұнық балмен тең.
Жастықтан бақыт тілесең, құшағыма кір менің,
Махаббатым бір менің!
Қ-сы:
Құмар боп күнде коймай, сүюге мүлде тоймай,
Бал шарап десем сөзі бәрі оңай.
Жайдары отыр күлімдеп тотым,
Көзінде жанады махаббат оты.
[2-куплет]
Құшақтап бауырыма кеудеме кеудең тигенде,
Ерніңнен ыстық ернімді айырмай сүйгенде,
Жас махаббат отымен жүрегім жанып күйгенде,
Балқыдым еріп тәнің игенде!
Па шіркін, сүйдің ұзақ сусын қанбай,
Мойнымнан ақ білегіңді қойдың алмай.
Күрең-қоңыр шашың жіңішке жібек талдай.
Керіліп маужырағаның ақ маралдай.
Ақ төсі ақ көбіктей толқындағы,
Аққудың ақ мамығы – ақ тамағы.
Жұмақтың қор қызындай күлімдейсің,
Денеме қанша тартсам да неге жаным білінбейсің?
Асау, тағы тұлпардай жұлынып жерді тарписың,
Жалындай жанып лапылдап, каулап шалқисың.
Балдай еріп жібектей жұмсақ балқисың,
Сұңқардай көкте қалқисың...
Қ-сы:
Құмар боп күнде коймай, сүюге мүлде тоймай,
Бал шарап десем сөзі бәрі оңай.
Жайдары отыр күлімдеп тотым,
Көзінде жанады махаббат оты.
***
Жаным, жарқыра таңым, Ақмаралым сүйемін, сағына.
Күнім, солмасын гүлің, Ақ тамағыңның сүйейін балынан.
Көзіңе қарап сенің,
Артамын саған сенім,
Жәрдемшім, күндей күлкің маған серік.
Балаймын адал жарға,
Армандай қанша жылдар бойы,
Аңсап тойдым, міне мақсат қойдым.
Қ-сы:
Құмар боп күнде коймай, сүюге мүлде тоймай,
Бал шарап десем сөзі бәрі оңай.
Жайдары отыр күлімдеп тотым,
Көзінде жанады махаббат оты.

Еще песни MusLim

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)