ШYNGYS, ReeGa, Maximum Неге ft. Айым [Дұрыс Рэп]

Исполнитель: ШYNGYS, ReeGa, Maximum Длительность: 04:25 Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "ШYNGYS, ReeGa, Maximum — Неге ft. Айым [Дұрыс Рэп]"

1-куплет: ReeGa
Бүгін түсімде тырнады тағы жезтырнақ,
Қандай күнәм үшін Құдайым жатыр жазалап?
Қиналып ояна алмай өне бойы түршігіп,
Өкпеме ауа жетпей мен барамын тұншығып.
Алай-дүлей әлемде бәрімыз жалғыздықта,
Өлім күтеді бәрін, кұлды да, бастықты да,
Мүмкін сол үшін уақыт өтеді асыға,
Сатқындықты кешірмеймін мен адал жолдасыма.
Періштемді күтемін жетелейтын алысқа,
Өмірім суып кетті менін суық қаламда.
Алайда тырысамын күшімды толық жинауға,
Жылатамыз біреуді жету үшын арманға.
Неге бұл өмір соншама қатал, кім айтады?
Жауабын іздеп келем, бірак әліде таппадым.
Жарыққа ұмтылам деп караңғы әлемге құладым,
Алайда тұрып мен қайта жарыққа ұмтыламын.

2-куплет: ШYNGYS
Жалбарынамын қол жайып көгіме қарап,
Сен барсың ба өзі әлде Шыңғыс ақымақ
Жек көремін маған жазған сенің тағдырыңды,
Анам сенеді көрмеседе шапағатыңды.
Тырысқанмын әрқашанда болмауға босбелбеу,
Енді күйзелген жаныма болады ма демеу?
Тағдыр тоңқайтпақшы бірақ мен көнбеймін,
Көз жасымды кешіп жоғарыға өрлеймін!
Тарихымды саралап нәтижесін шығардым,
Жазушысы өзің болуың керек тағдырдың.
Жаратушы қиратса да барлық арманыңды,
Әрқашан көтеріп жүр көгіңе танауыңды.
Бұл өмір жалған ба білмеймін,
Білу үшін өлімді мен күтпеймін.
Өлген жүрегім езілмес...
Неге мына өмір қатігез?

3-куплет: Maximum
Қаржылық дағдарыс емес рухани дағдарыс келді,
Оянсаңшы бауырым, тазала көздегі шелді.
Біреу аштан өліп жатса, біреу тойып есіред,
Жаман қызға тырнақ сынған өте үлкен қасірет.
Мұнай үшін соғыстар талайдың қанын төкті,
Тірі кезде құрмет көрмей Шәмші өмірден өтті.
Бақытыңды бағала, себебі өмір қиын,
Тағдырдың жазғанына ешқашанда көнбеймін.
«Неге?» деген сұрақ мазалайды санамды,
Болашақты көрмей тұрмын туннельде қараңғы.
Жамандықтан бәріміз тазалайық ғаламды,
Тапаншаның орнына алайықшы қаламды.
Бұл өмір жалған ба білмеймін,
Білу үшін өлімді мен күтпеймін.
Болсада қатігез тағдыр,
Жеңімпаз болдым мен бәрібір!
Қайырмасы:
Неге өмір қатігез?
Сынайды әркез... Қатал тағдыр неге бізді?

Еще песни ШYNGYS, ReeGa, Maximum

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)