ADAM
"ҚОШТАСУ" -Сөзі: А. Табаракқызы& Әні: О. Абдраxманов;
Исполнитель: ADAM
Длительность: 04:01
Размер: 9.23 МБ
Качество: 320 kbit/sec
Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "ADAM — "ҚОШТАСУ" -Сөзі: А. Табаракқызы& Әні: О. Абдраxманов;"
ҚОШТАСУ
Орындаған: ADAM
Әні: Олжас Абдраxманов
Сөзі: Айжан Табаракқызы
Көңілдің
Көктемі бір өзің,
Өткені бір өзің,
Оралмадың неге?
Өмірдің
Бақытсыз шағында,
Демеу боп жанымда,
Қала алмадың неге?
Аңсарым
Өзің ғана, білсең...
Ойладың ба, бәрін-бәрін?
Кешірші
Ұмыта алмай жүрсең,
Арнаған әнімді әлі.
Өткенді аңсарға айналған,
Ойлай-ойлай басыларсың.
Жасыңды жанарға байланған,
Жарыңнан жасырарсың.
Жұбатып жүрегімді сенген,
батар әлі, жыламаймын...
Мен енді кешкі самал желден,
Сен жайлы сұрамаймын...
Жарығым,
Білемін көрмеспін,
Өзімдей енді ешкім,
Сүйе ала ма сені?!
Бағымның
Мазмұны өзің бе,
Мұңайған кезіңде,
Ойлайсың ба мені?!
Жылдарым,
Арманымның бәрін
Алыстаттың неге-неге?
Өзіңе
Арналған бұл әнім,
Неліктен мұңды деме.
Өткенді аңсарға айналған,
Ойлай-ойлай басыларсың.
Жасыңды жанарға байланған,
Жарыңнан жасырарсың.
Жұбатып жүрегімді сенген,
батар әлі, жыламаймын...
Мен енді кешкі самал желден,
Сен жайлы сұрамаймын...