махаббат мунымды сагат шерттим ак парак

Исполнитель: махаббат Длительность: 04:21 Размер: 7.97 МБ Качество: 256 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "махаббат — мунымды сагат шерттим ак парак"

Дауыстап тауыса алмайтын болган соң,
Мұнымды саған шақтым,ақ парақ.
Шіркін менің төзімім сіздей болса,
Дәл осылай тербетіліп,теңселмес едім ойларда.

Сіз бойлаған тереңге,мені бойламайды дейсіз бе?
Өксігімді тамағыма жұтып,
өзімді-өзім тежегенімді тым жеңіл қабылдағаныңыз қалай
Сізді сүймеймін дегеніңізді естіген де...
Алғашқы да арға жорымасамда,
Аз тамшылық емес.

Аллаға сенгендігі ғой деп адалдағам,
Алтын аспаннан жаумайт.
Құммен,тастын арасында жатат,
Ал сіздің тауып алған олжаңызды қызуы басылғанша,қызықтап орнына қоя салғаныңызда таңыс қылық.

-
Басын өрт шалған қарағайдың қабығы қалың қара күйе болғанымен өзегі аман болса қайта көктейді екен,
Содан кейін оған май құйып от құйсында жаңбайды дейді.

-

Мені өмірге әкелгеніңіз үшін Аллаға алғыс айтам,
Өз қолыңызбен өшіргеніңізге өкінбеймін.
Қиялға берілгеніммен тағдырдың қисыны келмейтінің сезбейді дейсіз бе?
Бірақ бәрін уақыт емшісіне еріксіз бергенімді көріпте жүрген жоқсыз ба?

-

Бақыттың бұйырған бөлшегіне қанағат еткеніме өзімнің де қарным ашат,
Не берседе Алла берсін.
Адамнан тартып алмаймын,
Мен сізді шынайы сүйіп едім.

-

Амал не тағдырдың дегенінен кім асып кетер дейсіз...
Тағдыр.....
Осы бір сөз менің мазамды алғалы қашан,
Айналаңыздағылардың сіз түсінгендей,сіз сезінгендей мені есірки қоймайтынына екеуміздінде көзіміз жеткенімен.....
Алдамшы үмітке иек артамыз.

-

Сізге жақсы болғаның қалағандықтан,
Өз қалауымды қалай балталағанымды сезіне алсаңыз.
Шыныдай шытынаған көңіл кесемді қалай құрсаулауыңызды білмей дал болар едіңіз....



Мен сізді көргелі аптада 7 күн бар екенін білдім,
1 айда 30 түн бар екенін білдім.
Қас қағым сәттің де ұзақ екенін білдім,
Өмір деп жүргенің тозақ екенін білдім.
Өзімді-өзім көп алдайтынымды білдім,
Өлгім келседе өле алмайтынымды білдім.

Мен сізді көргелі....

Ақын жанды болғандықтан да болар, Мына маған тегін бақыт дарымаса керек.
Сізді мүлде көргім келмесе де,
Бірақ қатты сүйетінім бар.

-
Өз бақытын өзі танымайтын жаны қас адам сияқты көрінесіз кейде,
Рас...
Мен сізді мүлде көргім келмесе де түсімде көремін.
Сүйген пенде сүйіктісінен жарымайды екен,
Рас...
Сізді ойлағымда келмит.
Бірақ кеше сарылып сағынғаным бар,
Сізге бола ешқашан жанымды қия алмаспын.
Бірақ сізсіз өмір жоқ екенінде білемін.

-

Мен сіздің еркіндігіңізді құрметтей алам,
Бірақ еркіндік деген есіркеу деген сөз емес қой.
Дүниенің назы бөрене емес пе?
Бірақ нәзік гүлге бәрі нәзік,
Соңы ұмытпасаңыз керек еді.



Енді арманга сене алмайтыңымыз,
Жылаған бақтарда жылай алмайтыңымыз.
Кездесуге кешікпейтіңіміз,
Кешіктің ғой деп бір-бірімізді сөкпейтіңіміз қандай жақсы.

-

Осылай өзімді-өзім алдап сендіруден басқа амал да жоқ,
Есіңізде болсын кешегі күн ешқашан қайтып келмейді.
Біліңіз ешкім ешнәрсеге айыр бастай алмайтын,
Менде бір байлық бар.
Ол сізге деген адал сезімім,
Бағалай біліңіз........

Еще песни махаббат

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)