Хасан Годжаев bizdi bari bakytty dep oilasyn

Исполнитель: Хасан Годжаев Длительность: 03:32 Размер: 8.10 МБ Качество: 320 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Хасан Годжаев — bizdi bari bakytty dep oilasyn"

"Бақытты деп ойласын"

Сөзі: Бакдаулет Арыстан
Әні: Жолдасбек Абдиханов

Қайдасың?
Тағдыр бізден асырды ма айласын?
Көз жасыңды көрсетпеші, көрсетпе...
Бізді бәрі бакытты деп ойласын.

Ардақтым,
Гүлі сендей бола алмаған әр бақтың.
Сені қатты сағындым ғой мен бүгін,
Ұмыттым деп өзімді өзім алдаппын.

Алдаппын,
Жұбатам деп жүрегімді жаураттым,
Қанатымды саған қарай сан қақтым,
Жүрегіңді алған екен жаулап кім?

Сағынам,
Даусын кейде құлағыма естіліп,
Сен кеткелі жүре алмадым еш күліп,
Кешіктім бе қадіріңді кеш біліп?!

Кеш біліп
Сүйгенім сен екеніңді, мұңданам
Әй, махаббат жарамды кеп тырнаған.
Жұбатушы болады енді кім маған?

Өкінем,
Өртенемін қызғаныштың отымен.
Сағындырмай мына байқұс жүректі,
Тым болмаса бір көрінші өтінем?

Өтінем,
Бір көрінші, бір көрінші соңғы рет,
Мен сол жерде қап кетейін елжіреп,
Жасқа толы жанарыммен мөлдіреп.

Сен едің
Тағдырымды, әр күнімді гүл еткен,
Сағындым ғой қаншама ай, жыл өткен,
Сағынбасам ән тумайды жүректен...

Еще песни Хасан Годжаев

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)