Meirambek Bespaev
Қызым саған айтам
Исполнитель: Meirambek Bespaev
Длительность: 05:19
Размер: 4.87 МБ
Качество: 128 kbit/sec
Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!
Текст песни "Meirambek Bespaev — Қызым саған айтам"
Арманшыл болсаң қу балам
Арына сенер бұл адам
Өмірде нелер болмайды
Сүрініп мен де құлағам
Өнерді қусаң ол болар
Өмірден алған сыбағаң
Абайла қызым, тағдырдың
Бұралаң жолы, бұралаң
Талайды сынап түзеткен
Еліңді сыйла ізетпен
Әкең де саған жол сілтеп
Ізгілік жолын күзеткен
Анаңды жерге қаратпа
Көктемін сен деп күз еткен
Абайла қызым, тағдырлар
Талайдың жанын мұз еткен
Өмірге берсең аласың
Оқысаң лаулап жанасың
Жайпауыз болсаң арманға
Жете алмай жолда қаларсың
Нәзіктік болар жолдасың
Ұл емес сен қыз баласың
Абайла қызым, тағдырлар
Салады жанға жарасын
Құлағын түргің санаңның
Жұмбағы сан мың ғаламның
Арман мен нұрдан жаралған
Гүлісің сен бір даламның
Адалдық болса кеудеңде
Артқаны, дәйім, бағымның
Абайла қызым, өзіңнен
Болмағы жақсы адамның
Атырып көзбен әр таңды
Әжең де қуған арманды
Кім өтер дейсің мәңгілік
Жанына байлап жалғанды
Өмірде не бір арулар
Өшпестей өрнек салғанды
Абайла қызым, өкініп
Талайлар қапы қалғанды
Арайлы таңның жыры көп
Жыры көп, шашар нұры көп
Тазалық болса кеудеңде
Даламның айтар сыры көп
Уақытты босқа өткізбе
Шығарма естен ұмытып
Айтпайды босқа әкең де
Уақыттың адам құлы - деп
Кәрілік қашсаң қоймайды
Сұм ажал тіптен тоймайды
Ғұмырың лезде өтеді
Мақсатқа жетпей болмайды
Еңбекті сүйсең көгеріп
Жапырағың солмайды
Жеңілтек болсаң қайғыңның
Өлгенше орыны толмайды
Найзағай көкті жүз тіліп
Жатады кейде түз күліп
Жасарып әлем айдында
Сәулесі түсер сүзіліп
Жаз өтер қыс пен, күз де өтер
Құс қайтар қайта тізіліп
Кірпікте арың ілулі
Кетпесін жас боп үзіліп
Өмірдің сырын байқадым
Жақсыға байтақ бай таным
Әділдік жолын барласаң
Кеудемде жарылар қайда мұң
Үмітін ақта анаңның
Қызым-ау саған айтамын
Әдепті болсаң өмірден
Қуанып мен де қайтармын