адам Гүлістан Қазақстаным

Исполнитель: адам Длительность: 03:55 Размер: 8.97 МБ Качество: 320 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "адам — Гүлістан Қазақстаным"

Қазағым, абыз дүлділім, кемеңгер нағыз білгірім,
Түбім түрік, дінім тұнық тұғырым, ауыз бірлігім,
Ұмытпай отаным барын, ұлықтап атамын жалын,
Аналардың ақ сүтімен ардақтап атаның қанын,

Қайырмасы:
Даналарым-ай!
Бізге мирас иманыңмен сабырларың-ай,
Қара нарым-ай!
Тарихымның тереңінде тамырларың-ай,
Көсемдерім-ай, кемеңгерім-ай,
Шешендерім-ай, шеберлерім-ай!
Өздеріңе тартып тұр өлеңдерім-ай!

Алашым-әз арыстаным, ұлт үшін қалам ұштадың,
Өзгенікі таңсық емес тұрғанда өз арыстаным,
Санаңды адал ұстадың, тауларым дала құштарым,
Жасай берші, жайнай берші Гүлістан, Қазақстаным

Қайырмасы:
Даналарым-ай!
Бізге мирас иманыңмен сабырларың-ай,
Қара нарым-ай!
Тарихымның тереңінде тамырларың-ай,
Көсемдерім-ай, кемеңгерім-ай!
Шешендерім-ай, шеберлерім-ай,
Өздеріңе тартып тұр өлеңдерім-ай!

Азаматта шабыт бар, қазанатта шабыс бар,
Бабалары айбарлы, балалары айдарлы,
Ақ жаулығын кір шалмас, аналары жайдарлы,
Десең егер қай қазақ бұл тәуелсіз байранған,
Арулары айқанат, алтын кірпік айқабақ,
Дархан мінген дариғаң, даласына сай қазақ!

Қайырмасы:
Туған-жерім ай, иманды елім-ай!
Бос жусанмен кіндігімді қиған жерім-ай!
Думан елім-ай,дидар елім-ай,
Күллі адамзат құшағыңа сыйған менің-ай,
Жерім менің-ай, төрім менің-ай,
Ырыс қонған мекен болшы еңір керіп-ай,
Көгім менің ай, күнім менің ай,
Садағаң боп кетер едім елім менің-ай!

Еще песни адам

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)