Жанар Дугалова Ала кетпедің (gakku.kz)

Исполнитель: Жанар Дугалова Длительность: 05:09 Размер: 12.86 МБ Качество: 320 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Жанар Дугалова — Ала кетпедің (gakku.kz)"

1)Көрдім бүгін , көрдім тағы ...
Жылытты оның құшағы сені
Көз алмай маған қарадың
Қасыма кеп, айта алмадың нені?

Кімбіз енді біз бір-бірімізге?
Кімбіз?... Оны біз өзіміз білмейміз.
Үнсіз екеуміз бір-бірімізді,
Қиялдан ғана іздейміз.
Жаным, не істейміз?

Қ-сы:

Сезімімді неге ала кетпедің,
Үмітім боп(болып) жанған?
Елесіңді неге ала кетпедің,
Жанарымда қалған?
«Маxаббатың мұңын ала кет!»,- дедім,
«Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!»,-дедім.
Ала кетпедің , жаным
Неге ала кетпедің?!

2) Көрдің тағы, көрдің мені...
«Бағым»,-деп жүрсем де өзгені, сенбе!
( көзіме, тек көзіме сен!)
Бір өзің мәңгі тілегім,
Болсам да алыс, жүрегім сенде.

Кімбіз енді біз бір-бірімізге?
Кімбіз? Оны біз өзіміз білмейміз
Үнсіз екеуміз бір-бірімізді,
Ұйқысыз түннен іздейміз.
Жаным, не істейміз?

Қ-сы:
Сезімімді неге ала кетпедің,
Үмітім боп(болып) жанған?!
Елесіңді неге ала кетпедің
Жанарымда қалған?!
«Маxаббатың мұңын ала кет!»,- дедім,
«Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!»,-дедім!
Ала кетпедің , жаным
Неге ала кетпедің?!

Өткенімді неге ала кетпедің,
Ессіз ғашық еткен?!
Көктемімді неге ала кетпедің,
Бақытым боп(болып) жеткен?
Түстерімнен неге әлі кетпедің?
«Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!»,- дедім.
Ала кетпедің жаным,
Неге ала кетпедің?...

Еще песни Жанар Дугалова

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)