Нұр-Мұқасан Сен жоқ жерде

Исполнитель: Нұр-Мұқасан Длительность: 04:12 Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Нұр-Мұқасан — Сен жоқ жерде"

Көңілдегі сырға толып,
Жүректегі жырға толып ақ қағаз ап.
Бір жас жігіт ғашығына,
Алыстағы асылына хат жазады.
Есіне алып нұрлы елесті,
Аңсауменен күнде кешті өткізеді.
Ақ қағаздың ақпарымен,
Сағынышын хаттарымен жеткізеді.

Сен жоқ жерде - жүрек әндетпейді,
Сен жоқ жерде - күн де мәнді өтпейді.
Бақытыма қолым сәл жетпейді,
Сен жоқ жерде...
Сен жоқ жерде - сезім тербемейді,
Махаббатым сөзін сөйлемейді.
Өзгелерді көзім де көрмейді,
Сен жоқ жерде...

Ол да оны тосуменен,
Сезімге ән қосуменен күн кешеді.
Қиялына қанат беріп,
Жазғанына жауап беріп тілдеседі.
Сағыныштың жолдарымен,
Кездесер күн болғанымен алыс әлі.
Армандары қатар ұшып,
Хат берісіп, хат алысып табысады.

Сен жоқ жерде - жүрек әндетпейді,
Сен жоқ жерде - күн де мәнді өтпейді.
Бақытыма қолым сәл жетпейді,
Сен жоқ жерде...
Сен жоқ жерде - сезім тербемейді,
Махаббатым сөзін сөйлемейді.
Өзгелерді көзім де көрмейді,
Сен жоқ жерде...

Похожие песни

Еще песни Нұр-Мұқасан

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)