Қыдырәлі мен Қарақат Гүлсезім

Исполнитель: Қыдырәлі мен Қарақат Длительность: 03:02 Размер: 4.19 МБ Качество: 192 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Қыдырәлі мен Қарақат — Гүлсезім"

«Гүлсезім»

Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі: Т.Оразбаева

Өмірде тағдыр айдап,
Кездестім өзіңменен.
Кезім бұл бал-бұл жайнап,
Қайғы-мұң сезілмеген.

Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа,
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Көңілдің алып ұшқан
Шаттығын жасыра алмай,
Жандардай сағынысқан
Жалындап басыла алмай.

Келеді құшақтағым,
Келеді еркелегім,
Ешкімге ұқсатпадым.
Не деген көркем едің?

Бейнеңе елжіреген
Тым ұзақ жаутаңдадым.
Жанымның мөлдіреген
Сырларын айта алмадым.

Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа,
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Еще песни Қыдырәлі мен Қарақат

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)