Ринат Зайытов Батырмын деме

Исполнитель: Ринат Зайытов Длительность: 03:40 Размер: 3.36 МБ Качество: 128 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Ринат Зайытов — Батырмын деме"

Ал жігіттер, айт дедіңдер не дейін?
Жалған мақтар емеспін ғой өгейің.
Дос жылатып айтатыны рас болса,
Мен сендерді қайрау үшін сөгейін.
Шеттеріңнен арқалысың, дауылсың,
Бұл сөзді айту, өзіме де ауыр сын.
Айтпасыма жібермей тұр намысым,
Себеп: маған барлығың да бауырсың.
Мен батырмын деп кеудеңді қағасың,
Өз өреңнің өлшеп білмей шамасын.
Сондықтан да беру қиын емес қой,
Бойыңдағы батырлықтың бағасын.
Бабам батыр болып ед деп шіренбе,
Жетімде де, жеті ата бар бұл елде.
Өткендердің ерлігіне тығылмай,
Өзің қандай ерлік қылдың түгенде!
Батыр болған атаң Берлин алған да,
Ағаларың барған кезде ауғанға.
Ал сен бауырым, туысыңды тепкілеп,
Жақыныңды жек көресің жаудан да.
Сонан кейін батырмын деп шығасың,
Атаман боп алақандай ауданға.
Дұшпан емес орыс, шешен, күртің де,
Жалғыз жауың-өз ұлтың, өз жұртың де.
Туған жерді қорғау емес батырлық,
Туысқанды қорлау болды бұл күнде.
Шамаң келген жер де ғана шалқақтап,
Ары-бері талтаңдайсың, талтақтап.
Қалталы мен мансаптыны көрген де,
Жан-жағыңа жымиясың жалтақтап.
Ұры-қары, жемқор, сайқал туғаның,
Боп кеткендей бөлісесің думанын.
Халқың үшін үн шығарып мыңқ етпей,
Шалқу үшін атқа қонып туладың.
Айыра алмай досың менен қасыңды,
Жөн көресің бос есіріп тасуды.
Ұлтың үшін ши сындырып көрмедің,
Құлқын үшін бəске тіктің басыңды.
Жұдырығыңа жеті жұртты қаратып,
Мəз боласың қазақ бетін қанатып.
Желкеңді үзер жігіт шықса алдыңнан,
Арыз жазып, абақтыға қаматып..
Əн салғыздың, би билеттің талайға,
Бейшараны "братишкаңа" сабатып.
Жетер енді "батырмын" деп сарнама,
Өз-өзіңді құр бекерге алдама.
Батыр болсаң "қазақ қызын алам" деп,
Қара қытай бермес еді жарнама.
Бүкпес едің тексіздерге беліңді,
Бейбіт күнде атқызбас ең еріңді.
Келімсектер тартып алып кеніңді,
Сүндетсіздер таптамас еді жеріңді.
Батыр бабаң қасқыр болған абадан,
Бүгінгілер ит бір-бірін талаған.
Əлі жеткен адамдарға қабаған,
Бай-мырзаның аяқтарын жалаған.
Жоқ сендерде сабырлық та, кеңдікте,
Алаш айтқан бір сөзге мəн бердікпе?
Шын азамат сыналады ерлікте,
Ал шын ерлік, сыналады елдікте.
Солай бауырым, доғарайық қыртуды,
Сен ойламай кім ойлайды ұлтыңды.
Жолымызды жау кешпеуі үшін біз,
Қолымызбен бірге ұстайық бір туды.
Келешектің садағасы-кек болсын,
Бəріңе де бірігетін күн туды!

Ринат Зайытов

Еще песни Ринат Зайытов

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)