Серік Калиев-Не пайда(audiopoisk.com) Не пайда

Исполнитель: Серік Калиев-Не пайда(audiopoisk.com) Длительность: 02:09 Размер: 1.97 МБ Качество: 128 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Серік Калиев-Не пайда(audiopoisk.com) — Не пайда"

Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті,
Бір рет азан шақырмай үнсіз кетті.
Түртінектеп жүрді де тіршілікті,
Ақіретін ойламай мұңсыз кетті.

Көшер – көшпес көңілден...
Көзден кетті.
Жұрты айтқан жылы–жұмсақ сөзбен кетті.
Атақ–абырой, мал–мүлік жинап еді,
Бәрі қалып, қос құлаш бөзбен кетті.

Жаяу кетті, көлігін мінбей кетті.
Көп медальдің бірін де ілмей кетті.
Мүңкір–Нәңкір қоятын үш сұрақтың
Ең болмаса біреуін білмей кетті.

«Алтын» басын Аллаға имей кетті.
Шариғаттың шарттарын сүймей кетті.
Тым болмаса жұмада Раббысы үшін
Жайнамазға маңдайы тимей кетті.

Бұйрығына Тәңірдің көнбей кетті.
Көрден соңғы өмірге сенбей кетті.
Көкірегінен Дарвин мен Ленин жаққан
Атеистік алауы сөнбей кетті.

Күліп келген күнәдан қашпай кетті.
Молда айтқан сөзге құлақ аспай кетті.
Қос дүниелік бақытпен қауыштырар
Құран Кәрім парағын ашпай кетті.

Жүрегіне сіңдірмей иман нұрын,
Игіліксіз ғылымнан жиған білім.
Тірісінде тәрк еткен аяттарды
Жатыр оған бағыштап имам бүгін...

Скачать Серік Калиев-Не пайда(audiopoisk.com) - Не пайда №57102899

Информация
Похожие песни не найдены.
0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)