Омиркул Айниязов Актанкерей термесі

Исполнитель: Омиркул Айниязов Длительность: 03:55 Размер: 9.32 МБ Качество: 320 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Омиркул Айниязов — Актанкерей термесі"

Мен жырлауға құмармын
Шұбалаң құйрық шұбармын
Шапқан аттай саулаймын
Жанған оттай қаулаймын
Не қылғанмен дер күнім
Бұлдырлаған таудаймын
Екі атысқан жау болса
Ортасында мен панамын
Мен-ақ бауыр кер жорға
Әдемі басқан аяғын
Қарасаң көзің жеткісіз
Жылмиып жатқан даламын
Жортар атқа жеткісіз
Ұзын бауыр саламын
Жоғарыдан аққан Жайықпын
Теңізге құйған аяғын
Мен шығыстың күшті желімен
Ылайлатып ағамын
Сөйлемеймін-ай мен неге
Қашаннан да мен өзім
Заржақ туған баламын
Сөйлесем сөзді табамын
Сөйлей, сөйлей аламын
Көпшілік сөйле дегенде
Кідірмеймін жел сөзге
Кеудедегі білгенді
Алдыңа төгіп саламын
Қаумалап халқым-ай келгесін
Селдетпе топадай жел сөзбін
Көрінбейін-ай бекер жеп
Менің де айтқан-ай сөздерім
Таңда
Абыл да менен-ай, Нұрымнан
Дәніккен жұртым-ай шекер жеп
Мен Адайдың-ау Ақтаны
Сөйлеген сөзіме тақталы
Бөгесе бөгет-ай бермейтін
Қаратаудың ғой ақпары
Сөйлей-сөйлей берейін
Сөз жүйесін көрейін
Әрі-бері сөйлесем
Бұ да өзімнің мерейім
Сөз дегенің бұйым ба
Сөйлегенім қиын ба
Талай-талай сөйледім
Сатырлаған жиында

Еще песни Омиркул Айниязов

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)